Қаржылық сауаттылық: студенттік бюджетті тиімді басқару
2026 жылғы 26 қыркүйекте студенттер үйінде «Студенттік бюджет және қаржыны тиімді басқару» тақырыбында қаржылық сауаттылыққа арналған кездесу өтті. Іс-шараға География және табиғатты пайдалану факультетінің, Рекреациялық география және туризм кафедрасының білім алушылары қатысты.

Кездесу барысында жеке бюджетті дұрыс жоспарлау, кіріс пен шығысты бақылау, қаражатты тиімді бөлу және қажетсіз шығындарды азайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар қаржылық мақсат қою, жинақ қалыптастыру және күнделікті шығындарға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы түсіндірілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қаржыны сауатты басқару дағдыларын қалыптастырып, күнделікті өмірде тиімді қаржылық шешім қабылдауға бағыт беру. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, пайдалы ақпараттармен алмасты.