«Адалдық алаңы» пікірталас алаңы — ҚазҰУ

«Адалдық алаңы» пікірталас алаңы

2 қазан 2026
«Адалдық алаңы» пікірталас алаңы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Рухани-адамгершілік тәрбие» бағыты аясында студенттердің бойында адалдық, әділдік, парасаттылық және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Адалдық алаңы» пікірталас алаңы өткізілді.

Іс-шара барысында адалдық пен әділдіктің адам өміріндегі маңызы, академиялық адалдық, жеке жауапкершілік және қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды. Студенттер пікір алмасып, күнделікті өмірде және білім алу барысында адалдық қағидаттарын ұстанудың маңыздылығын атап өтті.

Пікірталас алаңы студенттердің өз көзқарастарын еркін білдіруіне, сыни ойлау қабілеттерін дамытуына және адамгершілік құндылықтарға негізделген азаматтық ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Іс-шара ТДМ 4 және ТДМ 16 мақсаттарымен сабақтастырылды.