«Стартап және монетизация»: студенттерге арналған танымдық лекция — ҚазҰУ

«Стартап және монетизация»: студенттерге арналған танымдық лекция

30 қыркүйек 2026
«Стартап және монетизация»: студенттерге арналған танымдық лекция

2026 жылғы 30 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультетінің «Журналистика» мамандығының ағылшын бөлімінде білім алатын 2 курс студенттеріне кураторлық бағытта «Стартап және монетизация» тақырыбында танымдық лекция өткізілді.

Лекция барысында қазіргі медиа саласында шығармашылық идеяны нақты жобаға айналдырудың, аудитория қажеттілігін анықтаудың және өз идеясын тұрақты табыс көзіне айналдырудың маңыздылығы талқыланды.

Лекция барысында журналистика мамандығы мен стартап мәдениетінің өзара байланысына да ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда журналистер тек ақпарат жинап, мәтін жазумен шектелмей, медиа жобаларды әзірлеу, әлеуметтік желілермен жұмыс істеу, цифрлық контент өндіру, жеке бренд қалыптастыру және аудиториямен тұрақты байланыс орнату сияқты жаңа дағдыларды меңгеруі қажет. Студенттерге танымал медиа платформалар мен цифрлық жобалардың аудитория жинау, контент ұсыну және оны монетизациялау тәсілдері туралы мысалдар ұсынылды.

Іс-шара барысында студенттер өз идеяларын ортаға салып, стартап жобаларды жүзеге асыруға қатысты пікірлерімен бөлісті. Талқылау кезінде «Идеяны қалай жобаға айналдыруға болады?», «Аудиторияны қалай анықтаймыз?», «Контентті қалай монетизациялауға болады?» және «Медиа жобаның табысты болуы үшін қандай факторлар маңызды?» деген сұрақтар қарастырылды.

Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, стартап идеяларын дамыту және оларды монетизациялау мүмкіндіктері бойынша пікір алмасты.