ҰЛТЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛАҒАТТЫ ҮСТАЗДАР
ТДМ 4. Сапалы білім. 2026 жылдың 2 қазан күні 6В01701 – «қазақ тілі мен «әдебиеті» білім беру бағдарламасының 2 курс 201-топ студенттерінің ұйымдастыруымен ұстаздар мерекесіне арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлағатты ұстаздар» атты ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде өтті.
Бұл іс-шараға Деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының меңгерушісі және кафедра оқытушылары мен эдвайзерлері қатысты.
.jpeg)
Топ эвайзері ф.ғ.к., доцент Б.С.Сарбасов ұстаздық мамандық туралы: «Дүниедегі мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Себебі, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін мейір-імді абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы»
демекші, ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал баққан шопан да, көкке ұшқан ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Осы орайда, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға, Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөздері ойымызға еріксіз оралады. Алдыңнан түлеп ұшқан шәкіртің шыңға шықса, ұстаз еңбегінің ақталғаны деп білеміз» деген ойларымен бөлісті.
Топ студенттері ұстаз туралы әндер орындап, өлеңдер мен арнауларды мәнерлеп оқып, мақал-мәтелдер сайысында белсенділік танытты. Тәрбие сағатының соңында кафедра оқытушылары студенттерге ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.