Көңіл көтеру индустриясымен тәжірибе жүзінде танысу
«Көңіл көтеру саласы» пәні аясында «6В11101 – Туризм» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері үшін Forum сауда-ойын-сауық орталығында аудиториядан тыс сабақ өткізілді. Сабақты Рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы С.А.Моминов ұйымдастырды.
Сабақ барысында студенттер сауда-ойын-сауық орталығының қызметімен танысып, ондағы көңіл көтеру және демалыс орындарының жұмысын тәжірибе жүзінде зерделеді. Сонымен қатар келушілерге ұсынылатын ойын-сауық қызметтерінің түрлері, оларды ұйымдастыру ерекшеліктері және заманауи көңіл көтеру индустриясының даму бағыттары қарастырылды.

Тәжірибелік танысу барысында студенттер 9D кинотеатры мен боулингке барып, олардың жұмыс істеу ерекшеліктерімен, ұсынылатын қызмет түрлерімен және келушілердің бос уақытын ұйымдастыру тәсілдерімен танысты.
Аудиториядан тыс форматта ұйымдастырылған сабақ студенттердің пән бойынша алған теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, көңіл көтеру саласындағы қызметтердің ұйымдастырылуын нақты мысалдар негізінде зерделеуге және кәсіби білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.