«Студтуризм» жобасының қатысушылары Фурманов шыңын бағындырды
4 қазан күні Халықаралық студенттік туризм мектебі аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті, Рекреациялық география және туризм кафедрасының бастамасымен Фурманов шыңына тау жорығы ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ресейдің Солтүстік Кавказ федералды университетінен келген «Студтуризм» жобасының студенттері қатысты. Қатысушылар Іле Алатауының көрікті табиғи аумағында орналасқан, теңіз деңгейінен 3050 метр биіктіктегі Фурманов шыңына көтерілді.

Тау жорығына кафедра оқытушылары Байбуриев Р.М. және Әділбай Б.С., сондай-ақ «ЖасТур» туристік клубының мүшелері жетекшілік етті. Жорық барысында қатысушылар тау жағдайындағы қауіпсіздік талаптарымен танысып, белсенді туризм элементтерін тәжірибе жүзінде меңгеріп, Іле Алатауының табиғи ландшафттарымен және көркем шыңдарымен танысты.
Халықаралық студенттік туризм мектебі аясындағы бұл іс-шара Қазақстан мен Ресейдің жоғары оқу орындары арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, студенттердің тәжірибе алмасуына және жастар арасында туризм мен белсенді демалысты дамытуға бағытталған.

Іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 3-мақсаты – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат», 4-мақсаты – «Сапалы білім» және 17-мақсаты – «Тұрақты даму мақсаттарындағы серіктестік» бағыттарымен үндеседі.