Media talks: тәжірибе мен шығармашылықты ұштастырған кездесу
2 қазан күні Журналистика факультеті, ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасында «Media Talks» жобасы аясында факультет түлегі, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы, «ТМД және ҚР үздік студенті» Топыш Зарина ханыммен мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу барысында қонақ өз мамандығы бойынша жинақтаған тәжірибесімен бөлісіп, журналистика саласының қыр-сыры, қазіргі медиа кеңістіктің ерекшеліктері және болашақ журналист үшін қажетті кәсіби дағдылар туралы әңгімеледі.
Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, журналистикадағы алғашқы қадамдар, кәсіби даму және тәжірибенің маңызы жөнінде пайдалы ақпарат алды.
Осындай кездесулер студенттерге теориялық білімді практикалық тәжірибемен байланыстырып, болашақ мамандығына жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.
Қызықты әңгіме мен құнды тәжірибесімен бөліскені үшін Зарина ханымға алғыс білдіреміз!