Табиғатқа жанашырлық – экологиялық мәдениеттің мәйегі
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында Механика-математика факультетінде қоршаған ортаны қорғау, табиғатқа жанашырлық таныту және жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған игі іс-шара ұйымдастырылды.
2026 жылғы 29 қыркүйекте факультет студенттерінің қатысуымен №6 студенттер жатақханасына Механика-* математика факультетінің математика мамандығының 1 курс кураторы Атахан Нилупар және кафедра меңгерушісінің көмекшісі Мамаева Венера және аға оқытушы Аузерхан Гауһар гүлдер сыйға тартылып, жатақхана аумағын көркейтуге үлес қосылды. Бұл бастама – табиғатты аялау тек сөз жүзінде емес, нақты іспен де көрініс табатынын көрсететін жақсы үлгі.
Іс-шара барысында студенттер табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын түсініп, қоршаған ортаны таза ұстау мен жасыл желекті көбейтуге өз үлестерін қосты. Жатақхана аумағына гүл сыйлау арқылы білім алушыларға эстетикалық орта қалыптастырумен қатар, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік құндылықтары насихатталды.
Экологиялық мәдениет – қоршаған ортаға ұқыпты қараудан, табиғи ресурстарды қадірлеуден және туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қараудан басталады. Осындай шағын, бірақ маңызы зор бастамалар студенттердің бойында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастырып, қоғамның экологиялық санасын арттыруға ықпал етеді.
«Таза Қазақстан» жобасы аясындағы бұл игі іс – табиғатқа жанашырлық танытып, қоршаған ортаны көркейтуге бағытталған ортақ жауапкершіліктің көрінісі. Механика-математика факультетінің студенттері осындай бастамаларға белсенді қатыса отырып, таза әрі көрікті орта қалыптастыруға өз үлестерін қоса бермек.

Мамаева Венера
Математика кафедра меңгерушісінің көмекшісі
Аузерхан Гаухар
Математика кафедрасының аға кураторы
Атахан Нилупар
Математика кафедрасының кураторы
Басқа жаңалықтар