«Плагиатқа жол жоқ!» – журналистика факультетінде танымдық кездесу өтті
6 қазан 2026
2026 жылдың 6 қазанында Журналистика факультетінің студенттеріне «Плагиатқа жол жоқ!» атты танымдық-тәрбиелік сағат болып өтті. Бұл іс-шара «Заң және тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Топ кураторы фил.ғыл.кандидаты, асс.профессор Б. Иманғалиев кездесуді ашып, «Қоғаммен байланыс» ББ-ның 2 курс студенттеріне плагиат туралы кеңінен баяндап берді. Басқосуға белгілі суретші-ұстаз, көптеген мәдени мұралардың авторы Бейсен Серікбай қатысып, жастарға плагиаттың жауапкершілігін өз мысалдарымен түсіндіріп берді.
Кездесу соңында ұйымдастырушыларға сұрақтар қойылып, алғыс айтылды.
