- Басты бет
- Жаңалықтар
- Отан тарихының өзекті мәселелері. Қазақстан тарихы кафедрасының өткені мен бүгіні
Отан тарихының өзекті мәселелері. Қазақстан тарихы кафедрасының өткені мен бүгіні
Тұрақты даму мақсаттарының 17-басым бағыты «Тұрақты даму жолындағы серіктестік: Жаһандық серіктестікті жандандыру және тұрақты даму құралдарын нығайту» бағытын жүзеге асыру және оны жастар арасында насихаттау мақсатында 2026 жылдың 1-қазан күні «6B01601-Тарих» мамандығының 4-2 курс студенттерімен Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күніне орай, «EduTalks: Отан тарихының өзекті мәселелері. Қазақстан тарихы кафедрасының өткені мен бүгіні» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі т.ғ.д., профессор Б.Б. Карибаев және кафедра меңгерушісінің орынбасары т.ғ.к., доцент Е.Н.Ноянов, кафедра оқытушылары қатысты. Кездесу барысында «Қазақстан тарихы» кафедрасының тарихы, негізгі ғылыми бағыты және кафедра ардагерлерінің іргелі еңбектерімен таныстырылды. Кафедраны тарихи кезеңдерде басқарған Е.Б.Бекмаханов, Хакім Хабиев, Сәкен Кенжебаев, Талас Омарбеков сынды Отан тарихы ғылымына ерен еңбек сіңірген ғалымдар мен бүгінгі таңда кафедрада қызмет етіп отырған оқытушы-профессорлардың ғылыми жетістіктері, халықаралық жоғары-импакт факторлы журналдардағы ғылыми жетістіктері мен кафедраның шетелдік серіктестері студенттерге жан-жақты таныстырылды.
Кафедраның әр жылдары бітірген түлектерінің бүгінгі ел болашағы үшін атқарылып жатқан жұмыстары негізінде, бүгінгі студент ертеңгі бәсекеге қабылетті, жоғары әлеуетті маман екендігі ашып көрсетілді.
Отан тарихының өзекті тақырыптары, ғылымның басым бағыттары болашақ маман ретіндегі ғылыми-зерттеу нысандары талқыланды.
Ұйымдастырушы:
Қазақстан тарихы кафедрасының доценті м.а. М.Қ. Дауытбекова
Басқа жаңалықтар