«Цифрлық қауіпсіздік және интернет-алаяқтықтың алдын алу» дәрісі
2026 жылғы 6 қазанда «Заң мен тәртіп» жобасы аясында География және табиғатты пайдалану факультетінің Рекреациялық география және туризм кафедрасында «Цифрлық қауіпсіздік және интернет-алаяқтықтың алдын алу» тақырыбында дәріс өткізілді.

Дәрісті кафедраның аға кураторы Бейсахмет Азамат Алматұлы мен аға оқытушы Сақыпбек Мереке Аманжолқызы ұйымдастырып, цифрлық ортадағы қауіпсіздік ережелері мен интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Дәріс барысында күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ажырату, жеке және қаржылық ақпаратты қорғау, белгісіз адамдарға құпия деректерді бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
.jpeg)
Сонымен қатар қатысушыларға интернеттегі алаяқтық әрекеттердің алдын алу жолдары, әлеуметтік желілер мен онлайн сервистерді қауіпсіз пайдалану қағидалары түсіндірілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – цифрлық сауаттылықты арттыру, киберқауіптерден сақтану мәдениетін қалыптастыру және интернет кеңістігінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту.

Басқа жаңалықтар