«Су ресурстарын үнемдеу – заманауи мәдениет белгісі» атты ақпараттық-экологиялық акциясы — ҚазҰУ

«Су ресурстарын үнемдеу – заманауи мәдениет белгісі» атты ақпараттық-экологиялық акциясы

5 қазан 2026
«Су ресурстарын үнемдеу – заманауи мәдениет белгісі» атты ақпараттық-экологиялық акциясы

      2026 жылғы 5 қазанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы Душаева Кәмила 2-курс эдвайзерлік тобының студенттерімен бірге БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында «Су ресурстарын үнемдеу – заманауи мәдениет белгісі» тақырыбында кең көлемді ақпараттық-экологиялық акция өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім алушылардың экологиялық мәдениеті мен сауаттылығын қалыптастыру, су ресурстарының шектеулілігін ұғындыру, сондай-ақ жастарды табиғи байлықтарға жауапкершілікпен әрі ұқыптылықпен қарауға шақыру болып табылады. 

    Кездесу барысында БҰҰ-ның ТДМ 6 – «Таза су және санитария» мақсатының жаһандық және ұлттық деңгейдегі маңыздылығы кеңінен талқыланды. Студенттер таза судың адам өмірі, денсаулығы мен қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі айрықша орнын атап өтті. Сонымен қатар күнделікті тұрмыста суды тиімді әрі үнемді пайдаланудың нақты жолдары мен рационалды тұтыну мәдениетін қалыптастыру мәселелері қарастырылды.

   Пікір алмасу барысында студенттер белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісті және су ресурстарын қорғауға, судың ысырабын азайтуға қатысты өздерінің азаматтық ұсыныстарын білдірді. Аталмыш іс-шара студенттердің экологиялық сауаттылығын арттырып, табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға ынталандырды. Кездесу соңында суды үнемдеу – бұл тек табиғатты қорғау емес, ол әрбір адамның экологиялық мәдениетінің, жоғары азаматтық жауапкершілігінің және заманауи тұлғалық бейнесінің маңызды көрінісі екені баса айтылды. 

       Ұйымдастырушы: Түркітану және тіл теориясы кафедрасының аға оқытушысы К. Душаева.