Шығыстану факультетінің студенттері Ғылым ордасындағы көрменің ашылуына қатысты — ҚазҰУ

Шығыстану факультетінің студенттері Ғылым ордасындағы көрменің ашылуына қатысты

7 қазан 2026
Шығыстану факультетінің студенттері Ғылым ордасындағы көрменің ашылуына қатысты

6 қазанда шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының студенттері Ғылым Ордасында өткен Тегеран қаласы күніне арналған  фото-көрменің ашылуына қатысты. 

Көрмеде Иран астанасының ең көрікті, тарихи орындары мен қаланың қазіргі заманғы сәулеттік келбетін бейнелейтін бірегей фотосуреттер бар. Көрмені тамашалауға жиналған қауым назарына сондай-ақ Ғылым ордасы кітапханасы қорындағы көне, сирек кездесетін парсы тіліндегі қолжазбалар мен кітаптар да қойылды. Бұл шара Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулдығы мен Иран Мәдени орталығының ұйымдастыруымен өтіп, келушілерге Иран елінің мәдениетімен, өнерімен және бас қаласының тыныс-тіршілігімен жақыннан танысуға мүмкіндік берді. 

Кешке зиялы қауым өкілдері, оқытушылар мен студенттер қатысты.

 

Материалды дайындаған: А.Ж. Боранбаева