- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Ұрпақтар жылуы»: ҚазҰУ студенттері аға буын өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады
«Ұрпақтар жылуы»: ҚазҰУ студенттері аға буын өкілдерін Халықаралық қарттар күнімен құттықтады

ҚазҰУ студенттері аға буын өкілдерін Қарттар күнімен құттықтады
2026 жылғы 1 қазанда Қарттар күнін мерекелеу және Тұрақты даму мақсатының №3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағытын іске асыру аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Азаматтық құқық, азаматтық процесс және еңбек құқығы кафедрасының 233-топ студенттері аға буын өкілдеріне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шара кафедра доценті, «6В04205 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының 233-топ эдвайзері Нурахметова Гульмира Галиевнаның жетекшілігімен өткізілді.
Кездесу барысында студенттер аға буын өкілдеріне өздерінің шынайы алғысы мен құрметін білдіріп, оларға гүлдер мен естелік сыйлықтар табыстады. Іс-шара барысында жылы әрі ізгі атмосфера қалыптастыруға, қамқорлық пен ықылас танытуға, сондай-ақ аға буын өкілдеріне шынайы ізгі тілектер білдіруге ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шараларды өткізу жастардың әлеуметтік жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, аға буынға деген құрметті арттыруға және жалпыадамзаттық адамгершілік құндылықтарды дәріптеуге ықпал етеді. Мұндай бастамалар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, өзара құрмет пен қамқорлық мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
Студенттердің әлеуметтік және қайырымдылық бастамаларға белсенді қатысуы салауатты өмірді қамтамасыз етуге және кез келген жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал етуге бағытталған Тұрақты даму мақсатының №3 қағидаттарына сәйкес келеді. Аға буын өкілдерінің психологиялық және әлеуметтік әл-ауқатына көңіл бөлу ізгілік пен әлеуметтік жауапкершілікке негізделген ортаны қалыптастырудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.
Аға буынға құрмет көрсету – ұрпақтар сабақтастығын сақтау мен қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтарын дәріптеудің маңызды негіздерінің бірі.
.jpeg)