Жасыл химия іс жүзінде: студенттердің “Таза Қазақстанға” қосқан үлесі — ҚазҰУ

Жасыл химия іс жүзінде: студенттердің “Таза Қазақстанға” қосқан үлесі

5 қазан 2026
Жасыл химия іс жүзінде: студенттердің “Таза Қазақстанға” қосқан үлесі

6В07204 - «Тағамдық химия және технология» мамандығының 1 және 2-курс студенттері 2026 жылдың 5 қазанында Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Ботаникалық саябақ аймағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Шара «Жасыл химия-тұрақты дамудың негізі» тұжырымдамасын насихаттау және студенттердің экологиялық мәдениетін көтеру мақсатында АКХ және СЭТ кафедрасының доценті х.ғ.к. Тюсюпова Б.Б. және профессор ассистенті PhD Таттибаева Ж.А. ұйымдастыруымен орындалды.