«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заң және жастар» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу — ҚазҰУ

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заң және жастар» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу

8 қазан 2026
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заң және жастар» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерімен кездесу

2026 жылғы 8 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультеті, Зоология, гистология және цитология кафедрасының 1–2 курс студенттері арасында «Заң мен тәртіп» жобасы аясында «Заң және жастар» тақырыбында құқық қорғау органдары өкілдерімен тағылымды кездесу С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетімен бірлесе отырып өткізілді.

Іс-шара құқықтық тәрбие және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты аясында ұйымдастырылып, білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу, жастар арасында құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен парасаттылық қағидаттарын насихаттау және азаматтық жауапкершілік сезімін қалыптастыруды мақсат етті. Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасының заңнамаларын сақтау, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық жауапкершілік түрлері, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері туралы маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының түрлері, оның қоғам мен мемлекет дамуына кері әсері, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылдың маңыздылығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Құқық қорғау органдарының өкілдері жастар арасында кездесуі мүмкін құқық бұзушылықтардың негізгі себептері мен олардың салдарына тоқталып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығын түсіндірді. Студенттерге кез келген құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарамау, заңсыз әрекеттерге жол бермеу, парасаттылық, адалдық және заңға бағыну қағидаттарын ұстану қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, интернет кеңістігіндегі қауіпсіздік, әлеуметтік желілерді жауапкершілікпен пайдалану, кибербуллинг пен интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, құқықтық сипаттағы нақты жағдайлар бойынша мамандардан жауаптар мен пайдалы кеңестер алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық білімін жетілдіруге, өз құқықтары мен міндеттерін дұрыс түсінуіне, заңға құрметпен қарауына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасын қалыптастыруға, адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын нығайтуға және қоғам алдындағы азаматтық жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді. Заңды білу және оны сақтау – әрбір азаматтың құқықтық мәдениетінің маңызды көрсеткіші. 

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарымен сабақтасып, сапалы білім беруге (ТДМ 4), бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттарды қалыптастыруға (ТДМ 16), сондай-ақ білім беру ұйымдары мен құқық қорғау органдары арасындағы өзара тиімді әріптестікті дамытуға, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен нөлдік төзімділік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған құндылықтарды насихаттауға мүмкіндік берді.

Зоология, гистология және цитология
кафедрасының аға оқытушылары
Тілешова М.Т., Елтай Г.Е.