Жоғары әрі лайықты марапатпен құттықтаймыз!
8 қазан 2026
Химия және материалтану саласының көрнекті ғалымы, профессор Зұлхайыр Аймұхаметович Мансуровты эксперименттік химияның негізін қалаушы Жабир ибн Хайян атындағы сыйлықпен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Марапаттау рәсімі «Түркі әлемі: жетістіктері мен перспективалары» атты Дүниежүзілік конгресс аясында өтті. Бұл мәртебелі марапат — З.А. Мансуровтың көпжылдық ғылыми еңбегінің, жоғары кәсіби шеберлігінің және отандық әрі әлемдік ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесінің лайықты бағасы.
Зұлхайыр Аймұхаметовичке зор денсаулық, жаңа ғылыми жетістіктер, шығармашылық шабыт, дарынды шәкірттер және ғылым мен білімді дамыту жолындағы еңбегіне толағай табыстар тілейміз!
Нажипқызы Меруерт
Басқа жаңалықтар
11 қараша 2026