Таза факультет – өзімізден басталады! — ҚазҰУ

Таза факультет – өзімізден басталады!

8 қазан 2026
Таза факультет – өзімізден басталады!

Бүгін механика- математика факультетінің МКМ кафедрасының «Қолданбалы математика» білім беру бағдарламасының  3 курс студенттерімен «Қалдықсыз факультет» атты эдвайзерлік сағат BҰҰ-ның Жаһандық Тұрақты даму мақсаттарымен (ТДМ) тығыз байланыстырылып, ерекше форматта өтті. Іс-шара барысында студенттер жаһандық экологиялық сын-қатерлерді еңсеру жолдарын талқылап, бұл бастаманың нақты қай ТДМ-ге сәйкес келетінін сараптады. Бұл кездесу негізінен ТДМ 12: Жауапты тұтыну және өндіріс қағидаттарын насихаттауға бағытталды. Эдвайзер студенттерге күнделікті өмірде табиғи ресурстарды үнемдеу, пластиктен бас тарту және қалдықты қайта өңдеу мәдениетін қалыптастыру арқылы осы мақсатқа жетудің маңызын түсіндірді.

Сонымен қатар, талқылау барысында ТДМ 13: Климаттың өзгеруіне қарсы күрес пен ТДМ 15: Құрлық экожүйелерін қорғау бағыттарына да ерекше назар аударылды. Студенттер университет қабырғасындағы эко-жобалар арқылы қоршаған ортаға түсетін зиянды азайтуға үлес қоса алатынын атап өтті. Студенттер қызықты тапсырмалар орындап, факультетімізді экологиялық таза ортаға айналдыруға бағытталған өз идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды. Мұндай танымдық сағаттар студенттердің бойында жаһандық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерге деген саналы көзқарас пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастырады.

PhD, ассистент –профессор Кулбай М.Н.