«Парасатты тұлға: экологиялық сана және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында психологиялық тренинг өтті — ҚазҰУ

«Парасатты тұлға: экологиялық сана және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында психологиялық тренинг өтті

8 қазан 2026
«Парасатты тұлға: экологиялық сана және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында психологиялық тренинг өтті

2026 жылғы 8 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика кафедрасының «Механика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналған «Парасатты тұлға: экологиялық сана және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингтің негізгі мақсаты – студенттердің экологиялық санасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау мәдениетін арттыру, азаматтық жауапкершілік ұғымының мәнін түсіндіру және қоғамдағы әрбір адамның жеке жауапкершілігінің маңызын ұғындыру.

Іс-шара барысында студенттер экологиялық мәдениет, жауапты мінез-құлық, азаматтық ұстаным, тұлғалық жауапкершілік және қоғам алдындағы міндеттер туралы ой бөлісті. Психологиялық тренинг форматы студенттердің өз пікірлерін еркін білдіруіне, өз құндылықтарын саралауына және күнделікті өмірдегі жеке әрекеттерінің қоғам мен қоршаған ортаға әсерін түсінуіне мүмкіндік берді.

Психологиялық тренингтің маңызды бөлігі – «парасатты тұлға» ұғымын заманауи студенттің өмірімен байланыстыру болды. Студенттер парасатты тұлғаның бойында жауапкершілік, саналы таңдау, өзара құрмет, белсенді азаматтық ұстаным және табиғатқа ұқыпты қарым-қатынас сияқты қасиеттердің болуы маңызды екенін атап өтті.

Іс-шараға Механика кафедрасының аға кураторы О.Б. Байсбаева және оқытушысы М.Р. Сапарова қатысты. Тренингті топ кураторы С.Б. Бижанова ұйымдастырып, өткізді.

Аталған іс-шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының 12-мақсаты – «Жауапты тұтыну және өндіріс» және 16-мақсаты – «Бейбітшілік, әділет және тиімді институттар» бағыттарына сәйкес жүзеге асырылды. Бұл мақсаттар қоршаған ортаға жауапты көзқарасты қалыптастыру, ресурстарды ұтымды пайдалану, жауапты мінез-құлықты дамыту, сондай-ақ қоғамдағы белсенді азаматтық ұстаным мен жауапкершілікті нығайту идеяларымен тығыз байланысты.

Іс-шара соңында студенттер өздерінің күнделікті өмірінде экологиялық жауапкершілікті арттыруға және қоғамның дамуына өз үлестерін қосуға бағытталған нақты қадамдарын айқындады.

Осындай тәрбиелік және психологиялық іс-шаралар студенттердің тек кәсіби маман ретінде ғана емес, сонымен қатар саналы, жауапты, парасатты және қоғамға пайдалы азамат ретінде қалыптасуына ықпал етеді.