Кәсіподақ белсенділері марапатталды
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 10 қазан – Кәсіподақтар күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Жиынға оқу орнының кәсіподақ белсенділері мен жетекшілері қатысты.
Шараны «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев ашып, университет ректорының құттықтауын жеткізді. Құттықтауда белсенділердің ұжым бірлігін арттырудағы рөлі жоғары бағаланып, ұйымның басты міндеті қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету екені атап өтілді.

Жиын барысында заң факультетінің аға оқытушысы Дәулетбай Рысқалиев баяндама жасап, жаңа саяси жүйедегі және ұжымдық саладағы кәсіподақ ұйымдарының қызметіне кеңінен тоқталды.


Салтанатты шара соңында университет өміріне белсене араласқан кәсіподақ мүшелері «Ерен еңбегі үшін» медалімен, ҚазҰУ ректорының Алғыс хатымен және құрметті төсбелгілермен марапатталып, естелік фотоға түсті.







Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар