ТДМ 3. Тәрбие сағат аясында «Көмек сұрау – батылдық» — ҚазҰУ

ТДМ 3. Тәрбие сағат аясында «Көмек сұрау – батылдық»

30 қыркүйек 2026
ТДМ 3. Тәрбие сағат аясында «Көмек сұрау – батылдық»

2026 жылғы 30 қыркүйекте «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері топ эдвайзері Сулейменова Диана Нурбақытовнамен бірге тәрбие сағат аясында «Көмек сұрау – батылдық» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Іс-шара барысында студенттік өмірде кездесетін күйзелістің негізгі себептері, эмоционалдық шамадан тыс жүктеменің белгілері, эмоционалдық тепе-теңдікті сақтау жолдары және өзін-өзі реттеудің қарапайым тәсілдері қарастырылды. Көмек сұраудың әлсіздіктің белгісі емес, керісінше, адамның өзінің эмоционалдық және психологиялық әл-ауқатына жауапкершілікпен қарауының көрінісі екендігін түсіндіруге ерекше назар аударылды. «Геодезия және картография» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері күйзелістік жағдайларды жеңу тәсілдерін, қолдау алу мүмкіндіктерін және айналасындағы адамдардың эмоционалдық жағдайына ұқыпты қарау қағидаларын талқылады.

Іс-шара нәтижесінде студенттердің күйзеліске төзімділік пен эмоционалдық тұрақтылық туралы түсініктері кеңейіп, өзін-өзі реттеу тәсілдерімен танысты, эмоционалдық шамадан тыс жүктеменің белгілерін анықтауды және қажет болған жағдайда дер кезінде көмек сұраудың маңыздылығын түсінді. Кураторлық сағаттың өткізілуі студенттер арасында өзара көмек көрсету мәдениетін қалыптастыруға, өз эмоционалдық жағдайына жауапкершілікпен қарауға және студенттік топта қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға ықпал етті.