РУДН профессорымен кездесу: халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері. — ҚазҰУ

РУДН профессорымен кездесу: халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері.

20 маусым 2026
РУДН профессорымен кездесу: халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің теория және мемлекет пен құқық тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасында профессор-оқытушылар құрамының Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің профессоры Аслан Хусейнұлы Абашидземен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын, бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытуды, халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланымдар дайындауды, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламаларын іске асыруды, сондай-ақ бірлескен ғылыми-практикалық конференциялар, семинарлар және дөңгелек үстелдер ұйымдастыруды талқылады.
Халықаралық академиялық байланыстарды нығайту, заң білімі саласындағы озық тәжірибе алмасу және кафедра мен Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университеті арасындағы серіктестік қатынастарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу сындарлы және іскерлік атмосферада өтті. Тараптардың ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға және заң ғылымының сапасын арттыруға, жоғары білікті мамандарды дайындауға бағытталған бірлескен білім беру және ғылыми бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.