«Жаңа Конституция аясында Қазақстанның конституциялық дамуы»
2026 жылғы 3 қыркүйекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Физика-техникалық факультетінің студенттерімен мазмұнды кездесу өтті.
Кездесу «Жаңа Конституция аясында Қазақстанның конституциялық дамуы» тақырыбында өтті.
Сәлемдесу сөзімен Физика-техникалық факультетінің деканы, техника ғылымдарының докторы, профессор Бейсен Нурзада Әбдібекқызы сөз сөйледі.
Кездесудің негізгі спикері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң ғылымдарының докторы, профессоры Ибраева Алуа Саламатқызы болды. Ол жаңа Конституцияның негізгі ережелеріне, конституциялық дамудың қазіргі бағыттарына және конституциялық реформалардың Қазақстанның одан әрі дамуы үшін маңызына тоқталып өтті.
Студенттердің ерекше қызығушылығын жаңа Конституцияның ережелері тудырды. Кездесу барысында белсенді диалог болды: студенттер көптеген сұрақтар қойып, ұсынылған конституциялық өзгерістерді және олардың мемлекеттің дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына әсерін талқылады.
Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығы мен конституциялық мәдениетін арттыруға, белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға және Конституцияның қазіргі Қазақстан өміріндегі рөлін түсінуге ықпал етеді.