- Басты бет
- Жаңалықтар
- CITY MAKERS — 5 қыркүйекте «Оңтүстік» саябағында қалалық қауымдастықтар мен жастар ұйымдарының CITY MAKERS фестивалі өтті. Ол Алматының белсенді және бастамашыл жастарын біріктірді.
CITY MAKERS — 5 қыркүйекте «Оңтүстік» саябағында қалалық қауымдастықтар мен жастар ұйымдарының CITY MAKERS фестивалі өтті. Ол Алматының белсенді және бастамашыл жастарын біріктірді.
Іс-шараға теория және мемлекет пен құқық тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі Усеинова К.Р. және оқытушы Дарханова С.Д. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің кураторлық тобы студенттерімен бірге белсенді қатысты.
Мұндай жобаларға қатысу студенттерге азаматтық белсенділікті көрсетуге ғана емес, жастар бастамаларымен танысуға, тәжірибе алмасуға және қала дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік береді. Ерекше атап өтетін жайт — фестивальдің бірлескен ұйымдастырушыларының бірі кафедра студенті — Тәжібай Абылайхан болды. Ол Central Asian Youth Parliament өкілі. Оның белсенді қоғамдық ұстанымы және ауқымды жастар жобаларын ұйымдастыруға қатысуы студенттік бастамалардың университет шеңберінен шығып, қоғамдық өмірдің бір бөлігіне айнала алатынының жарқын үлгісі болып табылады.
Кафедра студенттердің белсенділігін, олардың қоғамдық бастамаларын және азаматтық жауапкершілікті, көшбасшылық қасиеттерді және жастардың құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған жобаларға қатысуға деген ұмтылысын қолдайды.
Біз студенттерімізбен мақтанамыз және оларға жаңа идеялар, жобалар мен сәтті бастамалар тілейміз! Қаланы бірге құрайық! Болашақты бірге құрайық!