Заң мен тәртіп» – құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің негізі — ҚазҰУ

Заң мен тәртіп» – құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің негізі

9 қыркүйек 2026
Заң мен тәртіп» – құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершіліктің негізі

2026 жылғы 9 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын ілгерілету мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға факультет оқытушылары, магистранттар мен докторанттар қатысты. Кездесудің арнайы спикері ретінде Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі Қанат Әлихан шақырылды.
Дөңгелек үстел барысында заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқықтық мемлекетті дамыту, азаматтардың құқықтық мәдениетін жетілдіру және қоғамдағы жауапкершілік қағидаттарын нығайту мәселелері қарастырылды. Спикер «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасының негізгі мақсаттарын түсіндіріп, заң талаптарын орындаудың, қоғамдық тәртіпті сақтаудың және әр азаматтың өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауының маңыздылығын жеткізді.
Кездесу ашық диалог түрінде өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып бойынша толыққанды жауаптар алды. Пікір алмасу барысында құқықтық сауаттылықты арттыру мен заңға деген құрметті қалыптастырудың қоғам өміріндегі маңызына ерекше назар аударылды.
Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық білімін кеңейтіп, азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және заңға құрметпен қарауына ықпал етеді. Заңды құрметтеу мен тәртіпті сақтау – әділетті әрі тұрақты қоғам құрудың маңызды алғышарттары.