- Басты бет
- Жаңалықтар
- №4-мақсаты «Сапалы білім беру» аясында студенттерге арналған интерактивті іс-шара
№4-мақсаты «Сапалы білім беру» аясында студенттерге арналған интерактивті іс-шара
2026 жылғы 9 қазанда шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушылары Төреханова Р. А. және Алимбаева А. Т. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4-мақсаты «Сапалы білім беру» аясында студенттерге арналған интерактивті іс-шара өткізді. Кездесу барысында оқытуға арналған симуляциялық ойын ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы мемлекет басшысының рөлін атқарып, 2030 жылға қарай елдің тұрақты болашағын қалыптастыруға бағытталған шешімдер қабылдады. Ойыншыға кедейлікпен күрес, су тапшылығы, климаттың өзгеруі, білім беру мен медициналық қызметтердің қолжетімділігі сияқты өзекті мәселелерді шешу үшін 100 миллион АҚШ доллары көлемінде шартты бюджет берілді. Әрбір таңдау әлеуметтік әл-ауқатқа, экономикаға және қоршаған ортаға тікелей әсер етті. Ойын соңында қабылданған шешімдердің тиімділігі бағаланып, қорытынды жасалды.
Ойынның басты мақсаты — БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру тетіктерін көрсету және қоғам, экономика мен табиғат мүдделері арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың маңызын түсіндіру. «Аударма ісі» мамандығының 4-курс студенттері өз шешімдерінің нәтижелерін талқылауға белсенді қатысып, заманауи білім беру үдерісінде геймификация мен практикалық әдістердің әлеуеті зор екенін атап өтті.
Ұйымдастырушылар: аға оқытушылар Төреханова Р. А. және Алимбаева А. Т.