Магистранттармен және докторанттармен кездесу — ҚазҰУ

Магистранттармен және докторанттармен кездесу

12 қыркүйек 2026
Магистранттармен және докторанттармен кездесу

Жаңа оқу жылының басында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы магистранттармен және докторанттармен кездесу өткізді.
Кездесуді кафедра меңгерушісі, профессор Үсейінова К.Р. және кафедра меңгерушісінің орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты Оспанова Д.А. өткізді.
Кездесу барысында ғылыми және оқу қызметінің негізгі бағыттары, білім беру үдерісін ұйымдастыру, зерттеу жұмыстарының мәселелері және жаңа оқу жылына арналған жоспарлар талқыланды.
Магистранттарымыз бен докторанттарымызға табысты оқу жылы, қызықты зерттеулер және жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!