«Заң және тәртіп» – студенттік ортадағы жауапкершіліктің негізі — ҚазҰУ

«Заң және тәртіп» – студенттік ортадағы жауапкершіліктің негізі

14 қыркүйек 2026
«Заң және тәртіп» – студенттік ортадағы жауапкершіліктің негізі

2026 жылғы 14 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының кандидаты Н.К. Мынбатырова №18 студенттер үйінде бірінші курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылып, білім алушыларды «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенті туралы ереженің» негізгі талаптарымен таныстыруға бағытталды.
Іс-шара барысында университеттің ішкі тәртіп қағидалары, студенттердің құқықтары мен міндеттері, оқу үдерісіндегі академиялық жауапкершілік және студенттік ортадағы әлеуметтік жауапкершілік мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласу, белгіленген талаптарды сақтау және өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарау қажеттілігі айтылды.
Кездесудің басты мақсаты – жаңадан қабылданған студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың университет ортасына бейімделуіне көмектесу және күнделікті өмірде заң мен тәртіп қағидаттарын ұстануға баулу.
Мұндай кездесулер студенттердің университеттің ішкі ережелерін дұрыс түсінуіне, өз құқықтары мен міндеттерін білуіне және жауапты азамат ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Өз құқығын білу оны қорғауға мүмкіндік берсе, тәртіпті сақтау әрбір білім алушының ортақ жауапкершілігін көрсетеді.