«Заң мен тәртіп» әлеуметтік жобасы аясындағы кездесу — ҚазҰУ

«Заң мен тәртіп» әлеуметтік жобасы аясындағы кездесу

15 қыркүйек 2026
«Заң мен тәртіп» әлеуметтік жобасы аясындағы кездесу

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Қоғамдық даму орталығы «Заң мен тәртіп» әлеуметтік жобасын жүзеге асыру шеңберінде Алматы мамандандырылған инновациялық лицейінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға деген құрметін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту. Сонымен қатар оқушыларға «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғам өміріндегі маңызын түсіндіруге ерекше назар аударылды.
Кездесуге арнайы шақырылған спикерлер қатарында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің оқытушысы Сандұғаш Дарханова және Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Дәурен Көбеев болды.
Кездесу барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы түсіндіріліп, заң талаптарын орындау, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды. Спикерлер жастардың заң алдындағы жауапкершілігіне тоқталып, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызын жеткізді.
Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың құқықтық білімін жетілдіруге, заңға құрметпен қарауына және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуіне ықпал етеді.