«Қазақ тілі – ғылым тілі: Digital Qazaqstan дәуірінде ғылыми трансформация» атты III Халықаралық симпозиумға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Заң факультетінің өкілдері қатысты.
Іс-шараға Заң факультетінің деканы, профессор У.А. Ахатов және Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының меңгерушісі, қауымдастырылған профессор К.Р. Усеинова қатысып, симпозиум жұмысына өз үлестерін қосты.
Симпозиум барысында қазақ тілінің ғылым, білім және цифрлық технологиялар салаларындағы қолданысын кеңейту, ғылыми терминологияны дамыту және цифрлық дәуірдегі тілдің жаңа мүмкіндіктері талқыланды.