ҚазҰУ-да Жоғары білім қызметкерлері күні аталып өтті! — ҚазҰУ

ҚазҰУ-да Жоғары білім қызметкерлері күні аталып өтті!

1 қазан 2026
ҚазҰУ-да Жоғары білім қызметкерлері күні аталып өтті!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде білім мен ғылымға, жас ұрпақтың тәрбиесі мен кәсіби қалыптасуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ұстаздарға арналған мерекелік шара ұйымдастырылды.

Іс-шараны Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы ұйымдастырып, факультеттің профессор-оқытушылар құрамын кәсіби мерекемен шын жүректен құттықтады.

Ұстаз – ұрпаққа бағыт беріп, білім арқылы болашаққа жол ашатын ерекше тұлға. Әр дәріс, әр кеңес, әр шәкірттің жетістігі – оқытушы еңбегінің жемісі.