«Конституциялық реформалар және құқықтық мемлекет» — ҚазҰУ

«Конституциялық реформалар және құқықтық мемлекет»

6 қазан 2026
«Конституциялық реформалар және құқықтық мемлекет»

2026 жылғы 6 қазанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде «Конституциялық реформалар және құқықтық мемлекет» тақырыбында студенттермен арнайы кездесу өтті.

Іс-шараны Заң факультеті деканының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, з.ғ.м., аға оқытушы Жақсылық Русланұлы Есламғалиев ұйымдастырды.

Кездесуге Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы, з.ғ.м. Қанат Насырұлы Әлихан қатысып, конституциялық реформалардың еліміздің саяси-құқықтық жүйесін дамытудағы маңызы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, билік тармақтарының тепе-теңдігі және құқықтық мемлекетті қалыптастыру қағидалары туралы пікір алмасты.

Студенттер белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы конституциялық құндылықтардың рөлі мен құқықтық мемлекетті нығайтудың маңызы кеңінен талқыланды.