Қытай Халық Республикасынан келген заңгерлерге арналған біліктілікті арттыру курсы аясында тыңдаушылар қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарымен танысты.
Кафедраның аға оқытушысы Қанат Әлиханның жетекшілігімен қонақтар «Алматы қаласы музейлер бірлестігіне» және Almaty Creative Hub кітапханасына барып, қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасын тамашалады.
Мазмұнды кездесу мәдениетаралық байланысты нығайтып, Қазақстан туралы танымдарын кеңейте түсті.