Конституциялық құндылықтар — қазіргі Қазақстан дамуының негізі
2026 жылдың 7 қазанында заң ғылымдарының докторы, профессор А.С. Ибраева Q University (Алматы қ.) заң факультетінің 1-курс студенттеріне «Конституциялық құндылықтар және олардың құқықтық әрі әлеуметтік мемлекетті дамытудағы маңызы» тақырыбында гостевой лекция өткізді. Назар аударылған басты мәселелер — адам құқықтары мен бостандықтары, әділдік, құқық үстемдігі, мемлекеттік егемендік, қоғамдық келісім, сондай-ақ Қазақстанның дамуындағы мәдениет, білім, ғылым мен инновациялардың рөлі. Болашақ заңгерлер талқылауға белсене қатысып, сұрақтар қойды және конституциялық құндылықтардың мемлекет пен қоғам үшін маңызын талдады. Гостевой лекция академиялық ынтымақтастықты дамытуда, жастардың құқықтық мәдениетін нығайтуда және мемлекеттің конституциялық негіздеріне құрмет қалыптастыруда маңызды қадам болды.