Денсаулық пен әл-ауқат үшін — табиғатпен үйлесімде!
2026 жылдың 9 қазанында № 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» Тұрақты даму мақсатын жүзеге асыру аясында № 103 кураторлық топ заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Усеинова Карлыгаш Рахимжановнаның жетекшілігімен Алматы қаласының Бас ботаникалық бағына барды. Іс-шараға сонымен қатар Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының аға оқытушысы Жайнак А.Е. қатысты. Көрікті аллеялар арасында серуендеу, өсімдіктер әлемінің әртүрлілігімен танысу және таза ауада қарым-қатынас жасау студенттердің денсаулығын нығайтуға, эмоционалды демалуына және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етті. Мұндай іс-шаралар физикалық және психологиялық әл-ауқатқа қамқорлық жасаудың, табиғатпен үйлесімділіктің және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын еске салады.