Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік — ҚазҰУ

Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік

12 қазан 2026
Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік

09.10.2026 ж. Есептеу ғылымдары және статистика мамандығының 4-курс кураторы Жұмәлі Айнұр Серікбайқызы мен студенттер арасында «Биометриялық төлем: Жаңашылдық пен қауіпсіздік» тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара барысында биометриялық төлем жүйелерінің ерекшеліктері, заманауи технологиялардың мүмкіндіктері, жеке деректерді қорғау және қаржылық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Іс-шара келесі тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) сәйкес келеді:

- ТДМ 9 – Индустрияландыру, инновациялар және инфрақұрылым: инновациялық технологияларды дамыту мен цифрлық шешімдерді қолданудың маңыздылығын түсіндіру.

- ТДМ 16 – Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар: жеке деректердің құпиялылығын сақтау, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және цифрлық технологияларды жауапкершілікпен пайдалану мәдениетін қалыптастыру.