БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАНДАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ТОЛЫҒУДА — ҚазҰУ

БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАНДАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ТОЛЫҒУДА

5 қазан 2026
БОЛАШАҚ  ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ МАМАНДАРЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ТОЛЫҒУДА

Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының оқытушысы, п.ғ.к. А. Альчимбаева «Арнайы педагогика» пәні бойынша ағымды жылдың 5 қазан күні дәріс және практикалық сабақ өткізді. Оқу бағдарламасының тақырыптық жоспарындағы «Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға педагогикалық көмек» тақырыбы бойынша тәжірибелік тапсырмалар жоспарланды. Сабақ типі: білік пен дағдыны қалыптастыру және бекіту. Ресурстық формат - Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды ортаға бейімдеуге арналған озық әдістемелер, жаттығуларды авторлық модель ретінде ұсыну. Сонымен қатар, көру қабілеті бұзылған балаларға арнаулы білім берудің базалық ресурстарымен таныстыру. 

Сабақ барысында тифлопедагогика бағыты бойынша Браиль жүйесі, функционалды бұзылыстар, тактильді және есту қабілетін дамыту, тифлотехникалық құралдар, гигиеналық және физикалық жүктемені реттеу, миопия, гиперметропия немесе астигматизм кезінде көзге түсетін тікелей жүктеме уақыты туралы толық ақпарат берілді. 

Оқытушының тәжірибелік нұсқауымен PECS (Picture Exchange Communication System) әдісі, цифрлық қосымшалар мен коммуникаторлар: планшеттер мен смартфондарға арналған арнайы тәржімашылары, инновациялық және нейротехнологиялық әдістер (Томатис әдісі (Tomatis Method), Логопедиялық тейптау (Taping), биоакустикалық коррекция (БАК) демонстрацияланды.

Теориялық білімді бекіту мақсатында білім алушыларға ойын және сенсорлық интеграция әдістемесі қорынан бірқатар практикалық амалдар қолданылды. Баланың тактильді (сипап сезу), вестибулярлық және проприоцептивтік (дене сезімі) жүйелерін дамыту мақсатында қолданылатын озық технологиялар ұсынылды. 

Нәтижесінде, семинар сабағында қолданған озық ресурстар болашақ педагог-психолог маманының кәсіби қызметіне тиімді әдістемелермен толықты және тақырып бойынша  маңызын тәжірибе жүзінде меңгерді.