Гендерлік теңдік - заманауи қоғамның басты құндылығы
ХХІ ғасырда ерлер мен әйелдердің мүмкіндіктерін теңестіру әлеуметтік әділеттіліктің ғана емес, сонымен бірге экономикалық өрлеудің де басты қозғаушы күшіне айналғаны анық. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) “Гендерлік теңдік” тұжырымдамасы аясында философия мамандығының 2-ші курс студенттерімен “Гендерлік теңдік - заманауи қоғамның басты құндылығы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелді философия кафедрасының доценті Г.М. Сембаева мен оқытушы А.Р. Кулжанова ұйымдастырды. Гендерлік теңдікті сақтаудың басты қағидасы - жалпы қоғамды дамыту мен көркейту, тұрақтылықты сақтау. Осы орайда философия мамандығының білім алушылары гендерлік теңсіздіктің қоғамда түрлі жағдайда кездесулеріне қатысты түрлі пікірлер білдіріп, өз позицияларын толық дәлелдеп шықты. Студенттер гендерлік теңдікті қамтамасыз ету бюросының мәліметтеріне сүйене отырып нақты деректерді келтіре отырып өз тұжырымдарын жасады.Болашақ философтардың дөңгелек үстелі тартысты әрі қызықты пікірталасқа ұласты.
Басқа жаңалықтар