Ашық сабақ өтті — ҚазҰУ

Ашық сабақ өтті

13 қазан 2026
Ашық сабақ өтті

Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары орыс және қазақ тілдерін шет тілі ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру бойынша үнемі жұмыс істейді. Бұл жұмыстың бір бағыты - тәжірибелі және жаңадан бастаған оқытушылар үнемі өткізетін ашық сабақтар. Кезекті ашық сабақты қазан айының басында аға оқытушы А.Қ. Ахмедова көрсетті. Сабаққа кафедраның әдістемелік бюросының төрағасы доцент Г.А. Мұсаева, доценттер Д.С. Толмачева және Е.Р. Игнатова, ағатоқытушылар А.С. Қазмағамбетова, Л.Қ. Мамытбекова қатысты. Сабақтан кейін оқытушылар оны талқылап, әдістеме принциптерінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.