«Туған өлкені тану – елді тану» тақырыбындағы дәріс — ҚазҰУ

«Туған өлкені тану – елді тану» тақырыбындағы дәріс

28 қыркүйек 2026
«Туған өлкені тану – елді тану» тақырыбындағы дәріс

2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 14:00-де медицина және денсаулық сақтау факультетінің эпидемиология, биостатистика және дәлелді медицина кафедрасында «Туған өлкені тану – елді тану» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шара университет пен факультеттің стратегиялық жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Дәріс тарихи жады мен ұлттық құндылықтарды сақтауға, сондай-ақ еліміздің өңірлерімен танысу арқылы Қазақстанды тереңірек тануға деген қызығушылықты қалыптастыруға арналды. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың еліміздің алуан түрлілігі, салт-дәстүрлері, көрікті жерлері мен маңызды тарихи оқиғалары туралы түсініктерін кеңейту.

Дәріс аға оқытушы Сактапов Акылбек Кенгесұлыныңжетекшілігімен өтті. «Стоматология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Құрманбаева Медина және Жиенбаева Зерда тақырып бойынша баяндамалар жасады. Іс-шараға «Стоматология» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері және «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасының 2–4 курс студенттері қатысты.

Дәріс барысында Қазақстанның әртүрлі өңірлері, белгілі тарихи тұлғалар, табиғи және мәдени көрікті жерлер, жергілікті дәстүрлер және олардың ел дамуындағы рөлі туралы мәліметтер ұсынылды. Материалдар фотосуреттермен, карталармен және басқа да көрнекі құралдармен толықтырылды.

Дәріс интерактивті форматта өтіп, білім алушылар тақырып бойынша сұрақтар қойып, өздерінің туған өңірлері туралы қызықты мәліметтермен бөлісті және ұсынылған материалдарды талқылауға қатысты.

Іс-шара білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, өз еліне деген қызығушылығын арттыруға, азаматтық бірегейлікті нығайтуға және Қазақстанның ұлттық әрі мәдени мұрасына құрметпен қарауды қалыптастыруға ықпал етті.