Студенттер «Мәмлүк (Сұлтан Бейбарыс)» соундрамасын тамашалады
2026 жылғы 24 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің «Қоғамдық денсаулық» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері куратор-эдвайзер Г.А. Арыновамен бірге Алатау дәстүрлі өнер театрына барды.
Студенттер театр сахнасында қойылған «Мәмлүк (Сұлтан Бейбарыс)» соундрамасын тамашалады. Қойылымда қазақ тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі, Мысыр елінің сұлтаны болған Сұлтан Бейбарыстың өмір жолы, ел басқарудағы қызметі, ерлігі мен тарихи тағдыры көркем түрде бейнеленді.
Театрға бару студенттердің тарихи-мәдени танымын кеңейтуге, ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыруға және рухани-эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Спектакль студенттерге қазақ халқының тарихы мен мәдени мұрасын тереңірек танып, тарихи тұлғалардың өмірі мен ел тарихындағы маңызын түсінуге мүмкіндік берді. Осындай мәдени іс-шаралар студенттердің бос уақытын мазмұнды ұйымдастырып қана қоймай, олардың отансүйгіштік сезімін, тарихи санасын және мәдени құндылықтарға құрметін қалыптастыруғаықпал ететіндігі сөзсіз.
Басқа жаңалықтар