«Студенттік ритм: Белсенді өмір салты және дұрыс тамақтану» — ҚазҰУ

«Студенттік ритм: Белсенді өмір салты және дұрыс тамақтану»

14 қазан 2026
«Студенттік ритм: Белсенді өмір салты және дұрыс тамақтану»

14 қазанда тарих факультетінің 412-аудиториясында студенттер, магистранттар мен докторанттарға арналған «Студенттік ритм: Белсенді өмір салты және дұрыс тамақтану» атты танымдық кездесу өтті. Шара БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының үшінші бағыты — «Жақсы денсаулық пен әл-ауқат» аясында ұйымдастырылды. Жиынның басты қонағы — ҚазҰУ түлегі, заң ғылымдарының магистрі, сонымен қатар білікті нутрициолог әрі салауатты өмір салты жөніндегі сарапшы Аяла Қонақбаева болды.

Кездесу барысында спикер сессия мен дедлайндар кезінде энергияны жоғалтпай, денсаулықты сақтаудың басты құпияларымен бөлісті. Қатысушылар студенттік бюджетке сай дұрыс әрі дәмді тамақтану рационын құруды үйреніп, стресс пен шаршауды тамақтану арқылы реттеудің пайдалы лайфхактарын біле алды. Шара соңында студенттер өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, күнделікті өмірде қолдануға болатын құнды кеңестермен қаруланды.