«Антарктидадан оралған ғалым»: студенттерге арналған көшбасшылық дәріс — ҚазҰУ

«Антарктидадан оралған ғалым»: студенттерге арналған көшбасшылық дәріс

11 қыркүйек 2026
«Антарктидадан оралған ғалым»: студенттерге арналған көшбасшылық дәріс

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде метеорология және гидрология кафедрасының ұйымдастыруымен «Антарктидадан оралған ғалым» тақырыбында көшбасшылық дәріс өтті. Дәрісті география ғылымдарының докторы, метеорология және гидрология кафедрасының профессоры Чередниченко Владимир Сергеевич оқыды.

 


Кездесуде Антарктиданы ғылыми тұрғыдан зерттеу, экспедициялық жұмыстың ерекшеліктері және полярлық аймақтардағы бақылаулардың маңызы сөз болды. Владимир Сергеевич ғылыми қызметіндегі тәжірибесімен бөлісіп, зерттеуші мамандығындағы ізденіс, табандылық пен жауапкершіліктің орнын атап өтті.
Студенттер үшін ғалыммен жүздесу сабақта алған білімдерін нақты зерттеу тәжірибесімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қатысушылар Антарктиданың табиғи жағдайлары, экспедиция кезіндегі жұмыс пен тұрмыс және ғылыми бақылаулар жүргізу туралы сұрақтар қойды.

 


Іс-шара БҰҰ-ның 4-ші Тұрақты даму мақсаты - «Сапалы білім беру» аясында өткізіліп, жастардың ғылымға қызығушылығын арттыруға және кәсіби дүниетанымын кеңейтуге бағытталды.
Дәрісті ұйымдастыруға және өткізуге жауапты - метеорология және гидрология кафедрасының аға кураторы Ахметова Р.Е.
Кездесу кафедраның ғылыми тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізіп, студенттердің зерттеу жұмысына деген ынтасын арттыруға мүмкіндік берді.