- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ докторантының Польшадағы ғылыми тағылымдамасы: төмен температуралар физикасы мен инновациялық зерттеулер бағытындағы тәжірибе
ҚазҰУ докторантының Польшадағы ғылыми тағылымдамасы: төмен температуралар физикасы мен инновациялық зерттеулер бағытындағы тәжірибе
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика-техникалық факультетінің "8D07502-Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)" білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Нұргүл Чигамбаева Польшаның Вроцлав қаласындағы В. Тшебятовский атындағы Польша Ғылым академиясының Төмен температуралар және құрылымдық зерттеулер институтында (INTiBS PAN) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтуде
Тағылымдаманың басты мақсаты – төмен температуралар физикасы, эксперименттік зерттеулер және заманауи жоғары дәлдіктегі өлшеу әдістері саласында терең практикалық тәжірибе жинақтау
Докторанттың негізгі практикалық қызметі төмен температуралар және асқынөткізгіштік зертханасында өрбіп, мұнда Physical Property Measurement System (PPMS) заманауи өлшеу жүйесі қолданылады
Тағылымдама барысында материалдардың төмен температуралардағы жылулық қасиеттерін зерттеу үшін PPMS қондырғысының мүмкіндіктерін зерделеуге аса мән беріледі
Тағылымдаманың маңызды бағыттарының бірі – төмен температура жағдайында тәжірибелер жүргізудің әдіснамалық аспектілерін тереңірек зерттеу
Заманауи өлшеу жүйелерімен жұмыс істеу өлшеулерді метрологиялық қамтамасыз ету, деректерді автоматты түрде өңдеу және алынған нәтижелердің дұрыстығын бағалау арасындағы өзара байланысты айқын түсінуге мүмкіндік береді
Сонымен қатар бұл ғылыми ізденіс орнықты дамудың жаһандық басымдықтарымен үндеседі: сапалы білім алуға ықпал етеді (ТДМ 4), озық инфрақұрылым мен инновациялық технологияларды қолдануды қамтиды (ТДМ 9), сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды дамытады (ТДМ 17)
Қорытындылай келе, INTiBS PAN институтындағы шетелдік ғылыми тағылымдама докторанттың кәсіби біліктілігін арттыруға, жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге және төмен температуралар физикасы саласындағы құнды білімін тереңдетуге айтарлықтай үлес қосады
Басқа жаңалықтар