- Басты бет
- Жаңалықтар
- Болашақ энергиясы және сапа стандарттары: ҚазҰУ-да Тұрақты даму мақсаттары аясында жаңартылатын энергетиканы цифрлық түрлендіру мәселелері талқыланды
Болашақ энергиясы және сапа стандарттары: ҚазҰУ-да Тұрақты даму мақсаттары аясында жаңартылатын энергетиканы цифрлық түрлендіру мәселелері талқыланды
2026 жылдың 14 қазанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика-технический факультетінде Дүниежүзілік стандарттау күнніне арналған маңызды дөңгелек стол өтті
Қазіргі әлем энергетика секторларын түбегейлі өзгерту қажеттілігіне бет бұруда, бұл процесте стандарттаудың рөлі ерекше. Іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ физика-технический факультетінің деканы, профессор Бейсен Нұрзада Әбдібекқызы ашып, академиялық ғылымды, озық сапа стандарттарын және практикалық әзірлемелерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті
Дөңгелек столдың мәртебесін Өзбекстан Республикасынан келген құрметті шетелдік қонақтардың қатысуы ерекше айқындай түсті: Бұхара мемлекеттік техникалық университетінің оқу ісі жөніндегі прореktori Гаффаров Алишер Холмуродович пен стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау кафедрасының меңгерушісі Таиров Бахтияр Бобокулович қатысты. Олардың қатысуы энерготиімділік пен техникалық реттеу саласындағы жоғары оқу орындараралық ынтымақтастыққа, академиялық ұтқырлыққа және бірлескен ғылыми зерттеулерге жаңа жол ашады.
Іс-шараның тақырыптық бағдарламасы терең сараптамалық баяндамаларға толы болды. Алматы облысы бойынша ТРМК басшысының м.а. Отыншиев Дамир Болатұлы, ФАА маманы Абишева Асель Джурабаевна, сондай-ақ «NEO MILK» ЖШС сапаны қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Әбділда Ерзат Дәулетұлы өндірістік процестердегі сапаны бақылау мен техникалық сәйкестіктің практикалық аспектілерін көрсетті.
Орталық ғылыми оқиға ретінде ҚазҰУ жылуфизика және техникалық физика кафедрасының PhD, доцент м.а. Қаласов Нұрдәулет Болатұлының «Жаңартылатын энергетиканы цифрлық түрлендіру: энергетикалық тәуелсіздікке апаратын қадам ретінде зияткерлік басқаруы бар гибридті жүйелер» тақырыбындағы баяндамасы тыңдалды
Мұндай іс-шараларды өткізу ҚазҰУ-дың ғылыми-білім беру қызметінің жаһандық күн тәртібімен тікелей байланысын көрсетеді. Дөңгелек столда қарастырылған Тұрақты дамудың 7-ші мақсаты (ТДМ 7) — барлығы үшін қолжетімді, сенімді, тұрақты және заманауи энергия көздеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету кешенді пәнаралық тәсілді талап етеді. Метрология стандарттарын, жылуфизикалық процестерді цифрландыруды және халықаралық тәжірибені біріктіру университетке жасыл инновациялар көшбасшысы болып қалуға мүмкіндік береді. Дөңгелек стол қорытындыланып, белсенді қатысушыларға грамоталар салтанатты түрде табысталды және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың жаңа бағыттары белгіленді
Басқа жаңалықтар