- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 17. «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» Нидерландыдан келген түркітанушы ғалым Билге Узелдің (Bilge Uzel) дәрісі
ТДМ 17. «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» Нидерландыдан келген түркітанушы ғалым Билге Узелдің (Bilge Uzel) дәрісі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультеті Түркітану және тіл теориясы кафедрасы мен Ә. Қайдар атындағы Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы орталығының ұйымдастыруымен БҰҰ-ның 17-Тұрақты даму мақсаты – «Тұрақты даму жолындағы серіктестік» идеялары аясында Нидерландыдан келген белгілі түркітанушы ғалым Билге Узелдің (Bilge Uzel) тағылымды дәрісі өтті.
Мазмұнды дәріс барысында көне түркі жазба ескерткіштерін зерттеудің заманауи әдіснамасы, тарихи мәтіндерді оқу мен аударудың филологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ көне түркі әліпбиін меңгерудің тиімді әрі жүйелі тәсілдері кеңінен сөз болды. Шетелдік ғалым өзінің халықаралық ғылыми сапарлары мен далалық зерттеулері барысында тікелей зерделеген жазба ескерткіштерден қызықты әрі сирек кездесетін практикалық мысалдар келтіріп, қатысушыларға құнды деректер ұсынды.
.jpeg)
Интерактивті диалог форматында өткен бұл кездесу студенттер, магистранттар мен докторанттарға түркология саласындағы соны ізденістермен танысуға, көне жазба мұраларды талдаудың халықаралық тәжірибесін меңгеруге және өзара пікір алмасуға зор мүмкіндік берді. Өткізілген іс-шара білім алушылардың ғылыми-зерттеушілік қызығушылығын арттырып, ТДМ 17 шеңберіндегі халықаралық академикалық серіктестікті нығайтуға елеулі үлес қосты.

Ұйымдастырушылар: Р.А. Авакова, филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркітану және тіл теориясы кафедрасының меңгерушісі, С.Б. Бектемирова, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Ә. Қайдар атындағы Халықаралық түркі мәдениеті және мұрасы орталығының директоры, А.Қ. Таусоғарова, филология ғылымдарының кандидаты, түркітану және тіл теориясы кафедрасының қауымдастырылған профессоры.