ТДМ-4: «Студенттердің эмоционалдық жай-күйі» тақырыбында лекция — ҚазҰУ

ТДМ-4: «Студенттердің эмоционалдық жай-күйі» тақырыбында лекция

14 қазан 2026
ТДМ-4: «Студенттердің эмоционалдық жай-күйі» тақырыбында лекция

        Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Инклюзивті орта» ғылыми-практикалық орталығы мен Психологиялық қолдау қызметі бірлесіп, ТДМ-4: «Сапалы білім беру» аясында Механика-математика факультетінің студенттеріне психологиялық денсаулық мәселелеріне арналған лекция өткізді.

        Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің психологиялық саулығын нығайту, эмоционалдық жай-күйінің маңыздылығын түсіндіру және күнделікті өмірде кездесетін психологиялық қиындықтарды еңсеру дағдыларын қалыптастыру.

        Лекция барысында психологиялық денсаулықтың адам өміріндегі рөлі, студенттердің эмоционалдық жай-күйіне әсер ететін факторлар, оқу үдерісіндегі күйзеліс пен эмоционалдық шаршаудың алдын алу мәселелері талқыланды. Сонымен қатар студенттердің өз эмоцияларын басқаруы, жағымсыз жағдайларда ішкі тепе-теңдікті сақтауы және қиындықтарға төзімділігін арттыру жолдарына назар аударылды.

       Қатысушыларға психологиялық саулықты сақтаудың маңыздылығы, уақытылы демалу, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру және өз сезімдерін түсіне білу туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ эмоционалдық қиындықтар туындаған жағдайда психологиялық қолдауға жүгінудің маңыздылығы атап өтілді.

            Мұндай іс-шаралар студенттердің психологиялық мәдениетін арттыруға, өзіне деген сенімділігін нығайтуға және университетте қолайлы әрі қолдаушы білім беру ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттердің жан-жақты дамуына, психологиялық саулығын қолдауға және сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше мән береді.