ҚазҰУ Баспасөз қызметі медиафорумға қатысты
Фото:Adilan.ph
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ақпарат және коммуникациялар департаментінің қызметкерлері «Astana Media Week» форумына қатысты.

Биыл 10-шы рет ұйымдастырылған медиаапталық мемлекеттік органдардың, қазақстандық және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін біріктірді.

Іс-шарада отандық контентті дамыту және журналистикада жасанды интеллектіні қолдану мәселелері талқылануда.
Бағдарлама бойынша ҚазҰУ қызметкерлері пленарлық отырыстарға, сарапшылық пікірталастарға және шеберлік сабақтарына қатысты. Жиылғандар медианарықтың өзекті үрдістерін, цифрлық технологияларды және контент жасаудың заманауи тәсілдерін кеңінен қарастырды.

Сонымен қатар университет өкілдері медиа-коммуникация саласындағы озық тәжірибелермен танысып, пікір алысты.
Айта кетейік, «Astana Media Week» 16 қазанға дейін жалғасады.



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар