«Ұлылар есімі – ұрпаққа өнеге» (Әл-Фараби мұражайына танымдық саяхат)
2026 жылдың 1 қазанында "6В07301 - Химия" білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерімен олардың тарихи-танымдық білімін кеңейту, ұлы ғалымдардың өмірі мен ғылыми мұрасын насихаттау, жастардың ғылымға және рухани құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Ұлылар есімі – ұрпаққа өнеге» тақырыбында әл-Фараби мұражайына танымдық саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында студенттер әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір жолы мен ғылыми-философиялық мұрасымен танысты. Мұражай экспозициялары арқылы ғалымның ғылымның түрлі салаларына, соның ішінде философия, логика, математика, музыка, астрономия және жаратылыстану ғылымдарына қосқан үлесі туралы құнды мәліметтер алды.
Танымдық саяхат барысында әл-Фарабидің еңбектері мен шығармашылығының адамзат өркениетіндегі орнына ерекше назар аударылды. Ұлы ғалымның «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегіндегі адамгершілік, білім, ізгілік және парасаттылық туралы ойлары қазіргі жастар үшін де маңызды екені атап өтілді. Мұражайға саяхат студенттерге ұлы тұлғаның өмірі мен шығармашылығын тереңірек танып, оның мол ғылыми мұрасынан тағылым алуға мүмкіндік берді.
Іс-шараны ұйымдастырушы: Ж.Кудьярова.
Басқа жаңалықтар