- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Таза Қазақстан»: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің Есік көліндегі экологиялық квесті
«Таза Қазақстан»: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерінің Есік көліндегі экологиялық квесті
4 қазан 2026 жыл. «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың География және табиғатты пайдалану факультетінің «Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «Экология» БББ 2 - 4-курс студенттері Есік көліне барды. Іс-шараны доцент Н.С. Бергенева мен Тұрақты даму жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Т.А. Базарбаева ұйымдастырды.

Студенттер үшін экологиялық квест ұйымдастырылды: қатысушылар топтарға бөлініп жұмыс істеді және Қазақстанның табиғи мұрасы, су ресурстарын қорғау, биоәртүрлілік пен жеке экологиялық жауапкершілікке қатысты сұрақтарға жауап берді.

Далалық сапар барысында Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ), соның ішінде 6-шы мақсатқа (Таза су және санитария), 12-ші мақсатқа (Жауапты тұтыну және өндіріс) және 15-ші мақсатқа (Құрлықтағы экожүйелерді сақтау) ерекше назар аударылды.

Бұл экологиялық бастама тек практикалық іс-шара ғана емес, сонымен қатар руханият, туған жерге деген құрмет және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік туралы ой бөлісуге мүмкіндік берді. Табиғатқа ұқыпты қарау – экологиялық мәдениет пен тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі.

«Таза Қазақстан» - бұл тек таза табиғи орта ғана емес, сонымен қатар өз жеріне деген жауапкершілікті көзқарас.